Қытай әлем елдеріне 600 миллионнан астам COVID-19 вакцина дозасын жеткізді
Дереккөз: Синьхуа| 23.07.2021 22:04:41|Редакция: huaxia
БЕЙЖІҢ, 23 шілде (Синьхуа) — Қытай COVID-19-ға қарсы жаһандық күресті қолдау үшін әлемге 600 миллионнан астам доза COVID-19 вакцинасын жеткізді, деп хабарлады Сауда министрлігінің ресми өкілі.
Қытай Сауда министрлігінің ресми өкілі Ли Синцян баспасөз мәслихатында ел 200-ден астам ел мен аймаққа 300 миллиардтан астам маска, 3,7 миллиард қорғаныс костюмі және 4,8 миллиард тест жиынтығын ұсынды деп мәлімдеді.
Ли мырзаның айтуынша, COVID-19 дағдарысына қарамастан, Қытай әлемге медициналық құралдар мен басқа да өнімдерді жеткізу үшін тез бейімделіп, жылдам қадам басты, бұл жаһандық пандемияға қарсы күш-жігерге үлес қосты.
Лидің айтуынша, бүкіл әлемдегі адамдардың жұмыс және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қытайдың сыртқы сауда фирмалары да өндірістік ресурстарын жұмылдырып, көптеген сапалы тұтыну тауарларын экспорттады.
Жарияланған уақыты: 2021 жылғы 26 шілде
